Терроризм мен экстремизм заманауи заманның мәселесі
ҚР №37 Бас Прокуратурасы жанындағы аппараттық кеңесінің хаттамасын орындау мақсатында, Качир ауданының прокуроры Қ. Атығаевтың хаты және Качир ауданының ішкі саясат бөлімінің жоспары негізінде 2017 жылдың 17 қаңтар күні А.Н. Елгин атындағы №1 Качир ЖОББМ – інде 10 – 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Терроризм мен экстремизм заманауи заманның мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты төзімділік сезімін, айналадағы ақиқатқа философиялық және критикалық қатынасты, рухани жетілдіру мен өзін – өзі танытуды қалыптастыруын, қазақстандық отаншылдық сезімін нығайтуын тәрбиелеу.
Дөңгелек үстел барысында шақырылған қонақтар сөз сөйледі, бір сөзбен айтқанда олар жоғары адамгершілік – тәрбие жұмысын өткізді. Іс – шараның қонақтары: Качир ауданы ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі бас маманы Д.Т. Дүйсембаев , Качир орталық аудандық мешітінің имамы Д.М. Сәлменов, Качир ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Б.А. Ұртаков; Қонақтар осындай іс – шаралардың ұйымдастыруы оқушыларға өте пайдалы болатыны туралы айтты. Сонымен қатар осындай іс – шаралар оқушыларымыздың рухани дамуларына ықпал тигізетіні рас. Жастарымыз өз елінің патриоты болып өсуіне және біздің көп халықтық Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігін бағалауына тиіс.
Дөңгелек үстел барысында жеке бүліну діни ұйымдарының әрекеттіліктері талқыланды, іс – шараның қонақтары бүліну ғұрпылардың әсеріне қалай тап болмауына тәжірибелі кепілдемелер берді және оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.
Іс – шараның аяқталу кезінде барлық оқушылар төтенше жағдайдың, немесе террористердің тұтқыны болған кезінде өзін қалай ұстауға жаднама – кепілдемелерді алды.
Протокол вскрытия конвертов конкурса
Протокол вскрытия конвертов
Ертегілер әлемінде
2016 жылғы 10 маусым күні А.Н.Елгин атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп жазғы сауықтыру лагерьінде «Ертегілер әлемінде» атты шара ұйымдастырылды.
Қ.Қ. Серікпаева және А.С.Омарбекова оқушыларға ертегілер жайлы айтып өтті. Ертегі деген: ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі.
Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ....... болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады.
Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді: 1. Қиял-ғажайып; 2. Хайуанаттар туралы; 3. Шыншыл ертегі; 4. Тұрмыс-салт ертегілері деп айтып өтті.
Сонымен қатар сұрақ-жауап конкурсы, «Ертегілер әлемі» атты іс-шара өткізді. Балалар белсенділік танытып қойылған барлық сұрақтарға жауап қайтарды. Шара соңында оқушыларға кіші-гірім сыйлықтар табыс етілді.
Сондай-ақ «Ертегілерге саяхат» кітаптар көрмесі әзірленді.
Аудандық орталық балалар кітапханасына экскурсиямен барып қайттық онда Сақып Жұмәділқызы ертегілер жөнінде мағлұмат: тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар! Жақсы қасиеттерін бойға сіңір! Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады деп аттап өтті, мультфильм көрсетілді.
Мектептің акт залында 6а сынып «Золотой ключик» атты қуыршақтар ертегісін әзірлеп ұйымдастырды.
Оқушылар ертегілер әлемінде болып қайтты.
Аңызға айналған адам
Жылдар бойы есімдері жойылмайтын қайраткерлер бар.Мұндай жарқын тұлғалардың бірі болған А.Бөкейханов. А. Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған БҰҰҒСБ қамқорлығымен А.Н.Елгин атындағы №1ЖОББМ –де орталық балалар кітапханасымен бірге «Далалар баласы» тарихи-әдеби сағаты өткізілді, онда 9 сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысты.
Шараны балалар кітапханасының меңгерушісі С.Ж.Мадина ашты. Ол балаларды А.Бөкейхановтың өмірбаянымен таныстырып, оның өмірлік жолдары туралы әңгімелеп, «Қазақ көтерілістері» энциклопедиялық мінездегі әдебиетпен және А.Бөкейхановтың толық шығармашылық жинақтарымен таныстырды.
Тарих мұғаліміВ.А.Кочетова оқушыларға бірінші ұлттық партиясы «Алаш» туралы толық әңгімеледі және оның төрағасы А.Бөкейханов болғанын атап өтті.Ол балалардың көңілдерін әсіресе Қазақстандағы XX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи жағдайға бөлді.Мектептің кітапханашысы Е.И.Тишкина «Тарих іздері» кітаптар көрмесін өткізді, көрмеде А.Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер көрсетілді.
Бұл шара слайдтар тұсаукесерімен сүйемелденді: А.Бөкейханов аңыз-адам, онда Қазақстанның атақты қайраткері А.Бөкейханов туралы көрсетілді және әңгімеленді.
Шара соңында тәрбие жұмыстары жөніндегі меңгеруші Г.Қ.Мукатова сөз сөйледі, сөзінде А.Бөкейхановтың көзқарасы өзінің өзектігін бүгін де жоғалтқан жоқ, ол өзінің барлық іс әрекеттерімен және ғылыми, көсемсөздігі, саясаты жастарға үлгі болып келеді.
Мектеп кітапханасының меңгерушісі: Е.И.Тишкина .
Әлем сенің қолыңда
Ағымдағы жылдың 30 қарашада біздің мектепте Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент мерекесі қарсаңында «Әлем сенің қолыңда» атты бітімгерлікке арналған іс-шара өткізілді.
Мақсаты: балалардың ел басына деген үлкен сыйластық, патриотизмді, еліне деген құрмет сияқты қасиеттерді тәрбиелеу. Патриотизм және азаматтықты, әлемде тұратын өзге де елдерді сыйлайтын, бейбітшілік және зорлыққа қарсылықты сыйлайтын, жеке тұлғаны тәрбиелеу және дамыту, қөшбасшылық қасиеттерін қалыптастыратын ұрпақ тәрбиелеу.
Осы шараның жүргізушілері: 11 сынып оқушылары Әйгерім Тасқаранова, Дияна Баяндинова.
Мерекемен мектеп директоры Марал Найманбекқызы Тотанова құттықтады, өз сөзінде бейбітшілік – бұл күнделікті өмірдің шындығы екенін айтты. Біздің көшелерімізде тыныштық. Бейбіт – аспан бұл бағасы жоқ құндылық оны адамдар кейде көрмей жатады. Әсіресе бұл қазақстандықтарға қатысты. Аспанымызда бейбітшілік, жарылыстар жоқ, біз бір-бірімізге мейрімдіміз және өзге де ұлттарға.
«Қазақстан жері» атты әнді Әйгерім Тасқаранова орындады. ББЖҰ меңгерушісі Роза Гельметдинова және І халықаралық жастар форумның қатысушысы «Әлем елшісі» Әмина Бақтыбай сөз сөйледі. Өз баяндауында Роза Ескендірқызы Жерде бақытты өмір сүрудің негізгі шарты – бұл бейбітшілік. Бейбітшілік - өмір, бақыт, шаттық, таза аспан. Бейбітшілік – ертеңгі күнге және болашаққа сенім. 1981 жылы БҰҰ Басты Ассамблеясында Әлемдік Бейбітшілік күні жарияланған, жыл сайын мерекеленіп бұл күн зорлық-зомбылықтан және оқтан бас тарту күні.
Әлем жастарына А.Н.Елгин ат. Мектептің бітімгері Әмина Бақтыбаева 5 сынып оқушысы сөз сөйледі, құрбы-құрдастарын Жер планета – Үйімізді соғыстардан және түрлі қауіптан қорғауға шақырды, қазіргі таңда төніп тұрған қауіпт көбейіп кетті.
Әр қайсымыз әлем бейбітшілігіне және өмір құндылығына жауаптымыз, белсенді азаматтық ұстанымды білу керек, зорлық-зомбылықты, қатыгездікті және соғысты қолдамау. Бітімгер Әмина өз сөзін болашақ жастар қолында біз ол үшін күресу керек, ол қандай болатыны бізге байланысты деп аяқтады.
Бейбітшіліке күресу үшін қорғаушылар Манчестер қаласынан 10 жасты американдық оқушысы Саманта Смит тұрған, ол Мәскеуге «Сіз бейбітшілік үшін немесе соғыс үшін бе?» атты хат жолдаған. Саманта Ю.В.Андроповтан «Біз өзіміз және планета халқы үшін өзіміздің балалары және сен үшін де Саманта бейбітшілікті қалаймыз» деген жауап алған. Оның айқын дауысын Америка ғана емес бүкіл әлем естіген.
4 сынып оқушылары Нұрсұлтан Мұхамедияров және Елизавета Гудилина Саманта туралы өлең оқыды.
Орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімі Гүлнәр Бекенқызы Салимова да сөз сөйледі. Бітімгершілік жайлы өз баяндамасында жерді фашистерден қорғап бізге мұра етіп қалдырған аталардың және бабалардың және Қазақстан Республикасының Президентінің еңбегі зор, олрадың арқаларында біз өзімізді тәуелсіз және қорғалған деп сезінеміз. Біздің республикамыз-ерекше 120 ұлыстардың және ұлттардың өкілдері мекендейді.
Гүлнәр мемлекет қайраткері, халық жазушысы «Невада-Семипалатинск» Әлемдік Ядролыққа қарсы Қозғалыстың президенті Олжас Сүлейменовты да атап өтті. Балалар қазіргі заманның ұлы тұлғасы О.О. Сулейменовпен таңданысты.
Сонымен қатар аудандық балалар кітапхана директорының орынбасары Сақып Жұмаділқызы Мадина әдебиетке шолуды өткізді және Қазақстан Республикасының тұңғыш Президентінің өмірбаяны туралы баяндама жасады.
Шақырылған қадірлі қонақтың ішінде Ауған соғысының қатысушысы Серік Шаймарданұлы Садықов та болды. Ол меркемен құттықтып, шараны ұйымдастырушыларына ризашылығын білдірді және Бебітшілік барлық әлемге деп тіледі.