«Аймақтық орталық бойынша облыстық семинар»
Семинарды мектеп директоры М.Н.Тотанова ашып, семинар қатысушыларды мектеп тынысымен таныстырды. Келесі сөз кезегін және аймақтық орталық семинардың ашылуын Павлодар облысының дамыту және тәрбие білім беру Инновационндық орталығының мектепалды және бастауыш білім беру әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Б.С.Барамбаеваға сөз берілді.
Бағадат Серікқызы сөз барысында мектеп директоры М.Н.Тотановаға алғыс хат табыстады. Директордың орынбасары, аймақтық орталықтың координаторы Г.Е.Китаеваға, математика пәнінің Т.А.Мельниковаға,физика пәнінің мұғалімі О.В.Ромасьқа және педагог-психолог А.Т.Айтпаеваға аймақтық орталықтың өткізілуін мазмұндайтын сертификаттары табысталды. Сондай-ақ семинар қатысушылар алдында Качир ауданы білім бөлімінің бас маманы Г.К.Аятоваға сөз берілді.
Әрі қарай ашық сабақтар көрсетілді. 11- сыныпта Математика пәнінен «Әр-түрлі теңдеулердің шешу әдістері» тақырыбында Т.А.Мельникова ашық сабақ өткізді. 10 сыныпта физика пәнінен «Ампер Күші» тақырыбында О.В.Ромась ашық сабақ өткізді. Кейіннен 10-11 сыныптармен педагог-психолог А.Т.Айтпаева «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбында іскерлік ойын өткізді. «Оқушылардың оқу қызметіндегі мотивациясын жоғарылату әдіс-тәсілдері» тақырыбында жаттықтыру сабағын Алматы қаласында екінші базалық деңгейлік курсын өткен Т.А.Мельникова өткізді.
Семинар соңында қатысушылар аймақтық орталық бойынша қызықтыратын сұрақтарды қойып, сауалнама толтырды өткізілген семинар жөнінде өз пікірлерін жеткізіп және тілектерін білдірді.
А.Н.Елгин атындағы №1 ЖОББМ-нің
директордың орынбасары, аймақтық
орталықтың координаторы Г.Е.Китаева.
Г.П. Кравченко
Кеңес одағының батыры Г.П.Кравченкаға арналған бейнефильм көрсетілімі жөнінде ақпарат.
2015 жылдың 10 сәуірінде 2 «Б»,3 «Б»,4 «Б»,5 «Б» сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған бейнефильм көрсетіліміне белсенді қатысты.
Бұл іс- шараның мақсаты: балаларды Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету.
Іс-шара ұйымдастырушылары қазақ тілі және орыс тілі мұғалімі Г.К.Аширбекова және О.Н.Целищева болды. Бейнефильм тақырыбы «Отан үшін отқа түс». Бұл фильм мемлекеттік парламентаралық Ассамблеясының қолдауымен МПА-ТМД бас хатшысы кеңесшінің орынбасары Г.М.Погосянның бастамасымен құрылған.
Бейнефильм көрсетілімі Жеңіс күніне арналған, ол балалардың танымдылық белсенділігін арттыруға жағдай жасайды. Ой-өрісін дамыту, патриоттық және Жеңіске деген мақтаныш сезімін ояту. Кеңес одағының батыры Георгий Пантелеевич Кравченко туып өскен жерде тұратындарына мақтан етеді.
Ерлік ұлтқа бөлінбейді. Кравченко өмірбаяны 3 халықтың басын қосты олар: орыстар, қазақтар, украиндер. Қазіргі әлемнің тұрақсыз жағдайына байланысты бұл сұрақ көкейкесті мәселе болып табылады.
Елгин А.Н.
« Ер есімі, ел есінде»
Кеңес одағының батыры А.Н.Елгинге арналған слайд- презентация көрсетілімі жөнінде ақпарат.
Ағымдағы жылдың 23 сәуірінде Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған слайд-презентациясын көрсетілімі аталмыш шараға 5-7 сынып оқушылары белсенді қатысты.
Іс-шараның мақсаты: оқушыларды А.Н.Елгин өмірбаянымен таныстыру, елін жерін қорғаған батырларды құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту болып табылады.
Кіріспе сөзді технология пәнінің мұғалімі О.Г.Каутц бастады. 6 «б» сынып оқушылары А.Н.Елгиннің өмірбаяны мен ерлігі туралы әңгімелеп берді. Бұның барлығы презентациямен өткізілді. Сондай –ақ Александр Николаевич Елгинге арналған өлең –жолдары да оқылды.
Технология пәнінің мұғалімі О.Г.Каутц
хор фестивалі
Ұлы жеңіске 70- жылдығына орай «Споёмте, друзья!» атты
хор фестивалі
2015 жылдың 2 сәуірінде «А.Н.Елгин атындағы №1 ЖОББМ»ММ оқушылары Ұлы жеңіске 70- жылдығына орай «Споёмте, друзья!» атты хор фестиваліне 2-10 сынып оқушылары белсенді қатысты. Оқушылар соғыс жылдарындағы және казіргі заман соғыс әндерін шырқады, сонымен қатар оқушылар қазақ және орыс тілдерінде белгілі композиторлардың Отан, балалық шақ, мектеп туралы әндерін шырқады. 8-сынып оқушысы Санина Ангелинаның айтуы бойынша бірге қосылып айтқан ән адамға бақыт сыйлайды. Біздің әніміз жас ұрпақтар үшін рухани денсаулық және физикалық құрылымның шынайы жолының бірі. Ән -адам өмірінде қайғыда мен қуаныштада бірге жүреді. Соғыс туралы өлеңдерде барлығы бар: жүрекке жылу адамдарға, туған жерге сағыныш, жеңіске сенімділік. Сол кезеңдерде өлең солдаттарға қиын минуттерде көмектесті, өлеңмен олар демалды. Ал оларды тосқан адамдарға өлеңдер жеңіске үміт беріп, туған туысқандарын олардың аман және денсаулығы зор болып келуіне сенім білдірді.
«А.Н.Елгин атындағы №1 жалпы орта білім беру мектебі» ММ оқушылары
ҰОС-ның 70-жылдығына арналған театралдық көрініс
ҰОС-ның 70-жылдығына арналған
«Соғыстың қасиетті беттері адамдардың естеліктерінде
ғасырлар бойы сақталады....»
театралдық көрініс жөнінде ақпарат
2015 жылдың 12 наурызында А.Н. Елгин атындағы ЖОББМ-нің оқушылары Ұлы Отан Соғысының Жеңіс Күнінің 70-жылдығына арналған «Соғыстың қасиетті беттері адамдардың естеліктерінде ғасырлар бойы сақталады....» театралдық көрінісі өткізілді.
Театралдық көрініске 7, 8, 9 сынып оқушылары қатысты.
Іс-шараның басты мақсаты - оқушыларға патриотизм сезімдерін тәрбиелеу, театралдық өнер арқылы Ұлы Отан Соғысының Батырларының ерлігін қадірлеу.
Театралдық көрініс екі кезеңде өткізілді: бірінші- іріктеу сайысы
2 наурызда ұйымдастырылды онда біздің оқушылар бірінші орынға ие болды және жеңімпаздар театралдық көріністің 2 кезеңіне қатысты.
А.Н. Елгин атындағы № 1 ЖОББМ-нің оқушылары «Жеңіс» атты бағыт бойынша театралдық көрініс көрсетті.
Көріністерде совет халықының тағдырына берілген ауыр-ауыр сынаулар мен Ұлы Отан Соғысында көрсеткен ерлік пен батырлықты көрсетілді.
Балалар 7 минуттың ішінде көрермендерге соғыс жылдарының ауыр кезеңдерін және Жеңіс қуанышын шын сезімдерін көрсете білді.
Аталмыш спектакілді көрермендер көздеріне жас алумен қабылдады.