Login Form

Материалдар

«Аймақтық орталық бойынша облыстық семинар»

   Семинарды мектеп директоры М.Н.Тотанова ашып, семинар қатысушыларды мектеп тынысымен  таныстырды. Келесі сөз кезегін және аймақтық орталық семинардың ашылуын Павлодар облысының  дамыту және тәрбие білім беру Инновационндық орталығының мектепалды және бастауыш білім беру әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Б.С.Барамбаеваға сөз берілді.

Бағадат Серікқызы сөз барысында мектеп директоры М.Н.Тотановаға алғыс хат табыстады. Директордың орынбасары, аймақтық орталықтың координаторы Г.Е.Китаеваға, математика пәнінің Т.А.Мельниковаға,физика пәнінің мұғалімі О.В.Ромасьқа және педагог-психолог А.Т.Айтпаеваға аймақтық орталықтың өткізілуін мазмұндайтын сертификаттары табысталды.  Сондай-ақ семинар қатысушылар алдында Качир ауданы білім бөлімінің бас маманы Г.К.Аятоваға сөз берілді.

   Әрі қарай ашық сабақтар көрсетілді. 11- сыныпта Математика пәнінен «Әр-түрлі теңдеулердің  шешу әдістері» тақырыбында  Т.А.Мельникова  ашық сабақ өткізді. 10 сыныпта физика пәнінен  «Ампер Күші» тақырыбында О.В.Ромась ашық сабақ өткізді. Кейіннен 10-11 сыныптармен педагог-психолог А.Т.Айтпаева «Мамандық әлеміне саяхат» тақырыбында іскерлік ойын өткізді. «Оқушылардың оқу қызметіндегі мотивациясын жоғарылату әдіс-тәсілдері» тақырыбында  жаттықтыру сабағын Алматы қаласында екінші базалық деңгейлік курсын өткен Т.А.Мельникова өткізді.

  Семинар соңында қатысушылар аймақтық орталық бойынша қызықтыратын сұрақтарды қойып, сауалнама толтырды өткізілген семинар жөнінде өз пікірлерін жеткізіп және тілектерін білдірді.

                                                                  А.Н.Елгин атындағы №1 ЖОББМ-нің

                                                             директордың орынбасары, аймақтық

                                                            орталықтың координаторы Г.Е.Китаева.

115

 

116