Login Form

Материалдар

Г.П. Кравченко

Кеңес одағының батыры Г.П.Кравченкаға арналған бейнефильм көрсетілімі жөнінде ақпарат.

     2015 жылдың 10 сәуірінде 2 «Б»,3 «Б»,4 «Б»,5 «Б» сынып оқушылары Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған бейнефильм көрсетіліміне белсенді қатысты.

    Бұл  іс- шараның мақсаты: балаларды Ұлы Отан соғысы туралы мәліметтермен  таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие беру. Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың ерлік істеріне тағзым ету.

   Іс-шара ұйымдастырушылары қазақ тілі және орыс тілі мұғалімі Г.К.Аширбекова және О.Н.Целищева болды. Бейнефильм тақырыбы «Отан үшін отқа түс».  Бұл фильм мемлекеттік парламентаралық Ассамблеясының қолдауымен МПА-ТМД бас хатшысы кеңесшінің орынбасары Г.М.Погосянның  бастамасымен құрылған.

  Бейнефильм көрсетілімі Жеңіс күніне арналған, ол балалардың танымдылық белсенділігін арттыруға жағдай жасайды. Ой-өрісін дамыту, патриоттық және Жеңіске деген мақтаныш сезімін ояту. Кеңес одағының батыры Георгий Пантелеевич Кравченко туып өскен жерде тұратындарына мақтан етеді.

 Ерлік ұлтқа бөлінбейді. Кравченко өмірбаяны 3 халықтың басын қосты олар: орыстар, қазақтар, украиндер. Қазіргі әлемнің тұрақсыз жағдайына байланысты бұл сұрақ көкейкесті мәселе болып табылады.