Login Form

Материалдар

Терроризм мен экстремизм заманауи заманның мәселесі

 ҚР №37 Бас Прокуратурасы жанындағы аппараттық кеңесінің хаттамасын орындау  мақсатында, Качир ауданының прокуроры Қ. Атығаевтың хаты және Качир ауданының ішкі саясат бөлімінің жоспары негізінде 2017 жылдың 17 қаңтар күні А.Н. Елгин атындағы №1 Качир ЖОББМ – інде 10 – 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Терроризм мен экстремизм заманауи заманның мәселесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелдің мақсаты төзімділік сезімін, айналадағы ақиқатқа философиялық және критикалық қатынасты, рухани жетілдіру мен өзін – өзі танытуды қалыптастыруын, қазақстандық отаншылдық сезімін нығайтуын тәрбиелеу. 

Дөңгелек үстел барысында шақырылған қонақтар сөз сөйледі, бір сөзбен айтқанда олар жоғары адамгершілік – тәрбие жұмысын өткізді. Іс – шараның қонақтары: Качир  ауданы ішкі саясат бөлімінің дін істері жөніндегі бас маманы Д.Т. Дүйсембаев , Качир орталық аудандық мешітінің имамы Д.М. Сәлменов, Качир ауданы білім беру бөлімінің әдіскері Б.А. Ұртаков;  Қонақтар осындай іс – шаралардың ұйымдастыруы оқушыларға өте пайдалы болатыны туралы айтты. Сонымен қатар осындай іс – шаралар оқушыларымыздың рухани дамуларына ықпал тигізетіні рас. Жастарымыз өз елінің патриоты болып өсуіне және біздің көп халықтық Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздігін бағалауына тиіс.

Дөңгелек үстел барысында жеке бүліну діни ұйымдарының әрекеттіліктері талқыланды, іс – шараның қонақтары бүліну ғұрпылардың әсеріне қалай тап болмауына тәжірибелі кепілдемелер берді және оқушылардың барлық сұрақтарына жауап берді.

Іс – шараның аяқталу кезінде барлық оқушылар төтенше жағдайдың, немесе террористердің тұтқыны болған кезінде өзін қалай ұстауға жаднама – кепілдемелерді алды.
1