Login Form

Материалдар

Ертегілер әлемінде

2016 жылғы 10 маусым күні А.Н.Елгин атындағы №1 жалпы орта білім беретін мектеп жазғы  сауықтыру лагерьінде  «Ертегілер әлемінде» атты шара ұйымдастырылды.

Қ.Қ. Серікпаева және А.С.Омарбекова оқушыларға ертегілер жайлы айтып өтті. Ертегі деген: ауыз әдебиетінің ең көне жанрына жатады. Бұларда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде кездеспейтін ойдан шығарылатын оқиғалар баяндалады. Ол ауызша айтылып, ел есіне ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, біздің дәуірімізге жеткен. Ертегілер көбінесе қара сөз түрінде айтылады. Кейде өлең түрінде де кездеседі. 
        Ертегілердің әдетте басталулары ұқсас: «Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпірдің ....... болыпты» немесе «Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөлтеде» деп те басталады. Ертегі соңы олар «сөйтіп мұратына жетіпті» үнемі жақсылықпен аяқталады. 
Ертегілер мынандай жанрларға бөлінеді: 1. Қиял-ғажайып; 2. Хайуанаттар туралы; 3. Шыншыл ертегі; 4. Тұрмыс-салт ертегілері деп айтып өтті. 

Сонымен қатар сұрақ-жауап конкурсы, «Ертегілер әлемі» атты іс-шара өткізді. Балалар белсенділік танытып қойылған барлық сұрақтарға жауап қайтарды. Шара соңында оқушыларға кіші-гірім сыйлықтар табыс етілді.

Сондай-ақ «Ертегілерге саяхат» кітаптар көрмесі әзірленді.

Аудандық орталық балалар кітапханасына экскурсиямен барып қайттық онда Сақып Жұмәділқызы ертегілер жөнінде мағлұмат: тіл құдіреті сені небір құпия сырлар әлеміне жетелейді, көзіңді ашып, кереметтерді танытады. Халық ертегілерін сүйе біл, сүйсіне оқы, одан тіл үйрен, мәнін, мазмұнын аңғар! Жақсы қасиеттерін бойға сіңір!  Өйткені ертегі саған өмір бойы адал серік бола алады деп аттап өтті,  мультфильм көрсетілді.

         Мектептің акт залында 6а сынып «Золотой ключик» атты қуыршақтар ертегісін әзірлеп ұйымдастырды.

Оқушылар ертегілер әлемінде болып қайтты.

03