Материалдар
Аңызға айналған адам
Жылдар бойы есімдері жойылмайтын қайраткерлер бар.Мұндай жарқын тұлғалардың бірі болған А.Бөкейханов. А. Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған БҰҰҒСБ қамқорлығымен А.Н.Елгин атындағы №1ЖОББМ –де орталық балалар кітапханасымен бірге «Далалар баласы» тарихи-әдеби сағаты өткізілді, онда 9 сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысты.
Шараны балалар кітапханасының меңгерушісі С.Ж.Мадина ашты. Ол балаларды А.Бөкейхановтың өмірбаянымен таныстырып, оның өмірлік жолдары туралы әңгімелеп, «Қазақ көтерілістері» энциклопедиялық мінездегі әдебиетпен және А.Бөкейхановтың толық шығармашылық жинақтарымен таныстырды.
Тарих мұғаліміВ.А.Кочетова оқушыларға бірінші ұлттық партиясы «Алаш» туралы толық әңгімеледі және оның төрағасы А.Бөкейханов болғанын атап өтті.Ол балалардың көңілдерін әсіресе Қазақстандағы XX ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи жағдайға бөлді.Мектептің кітапханашысы Е.И.Тишкина «Тарих іздері» кітаптар көрмесін өткізді, көрмеде А.Бөкейхановтың өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер көрсетілді.
Бұл шара слайдтар тұсаукесерімен сүйемелденді: А.Бөкейханов аңыз-адам, онда Қазақстанның атақты қайраткері А.Бөкейханов туралы көрсетілді және әңгімеленді.
Шара соңында тәрбие жұмыстары жөніндегі меңгеруші Г.Қ.Мукатова сөз сөйледі, сөзінде А.Бөкейхановтың көзқарасы өзінің өзектігін бүгін де жоғалтқан жоқ, ол өзінің барлық іс әрекеттерімен және ғылыми, көсемсөздігі, саясаты жастарға үлгі болып келеді.
Мектеп кітапханасының меңгерушісі: Е.И.Тишкина .