Конкурс туралы хабарландыру 2020
Конкурс туралы хабарландыру
«Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А.Н. Елгин атындағы №1 жалпы орта білім беру мектебі» ММ, 140600, ҚР, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылдық округі, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 234, ksschThis email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
(байқау ұйымдастырушысының атауы, пошталық және электрондық мекен – жайы)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты көрсетілетін қызметтерді немесе тауарларды жеткізушіні таңдау жөніндегі конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды Қызмет: -140600, ҚР, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылдық округі, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 234 мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды - Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылдық округі , Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі, 234, жалпы сомасы ҚҚС-сыз 13800000 теңге (он үш миллион сегіз жүз мың) теңге,ҚҚС есептегенде 15456000 теңге (он бес миллион төрт жүз елу алты мың) теңгеге;Факт бойынша бір балаға күнсайындық бір реттік тамақтану ҚҚС есептемегенде 300 (үш жүз) теңге, ал ҚҚС есептегенде 336 (үш жүз отыз алты) теңге құрайды. Қызметті көрсету мерзімі 01.02.2020 ж.- 31.12.2020 ж. Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын 2019 жылғы "21" қантар сағат 17:00- ге дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша: 140600, ҚР, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылдық округі ,Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 234, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. , 2 қабаттағы самопознания кабинетінесағат _9.00 -ден 17.00 -ге дейін және eduterenkol.kz. интернет-ресурсынан алуға болады. Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер «Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А.Н. Елгин атындағы №1 жалпы орта білім беру мектебі» ММ, 140600, ҚР, Павлодар облысы, Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылдық округі, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 234, мекен-жайы бойынша 2 қабаттағы бухгалтерия кабинетінежібереді. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 22.01.2020 ж. сағат 10.00-ге дейін. Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер: 140600, ҚР, Павлодар облысы, Тереңкөл ауылдық округі ,Тереңкөл ауданы, Тереңкөл ауылы, Тәуелсіздік көшесі 234 мекен-жайы бойынша 2 қабаттағы бухгалтерия кабинетінде 22.01.2020 ж. сағат 14.30-де ашылады. |
ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!
ҚАУІПҚА НАЗАР АУДАРЫНЫЗ!!!
Біраз мерзімнен соң жаз маусымы басталады, балаларымыздың жазғы демалысқа шығуларына да бір айдан азғана уақыт қалды. Олардың еркіндікке қолдары жетіп, уақыттарын ата-аналары тарапынан қадағалаусыз өткізетін бос уақыттары көбейеді. Ата-аналардың электр құралдарын пайдалану кезінде Қауіпсіздік техникасын сақтау ережелерін және басқа да САҚТАЛУҒА тиісті қарапайым мәселелерді өз балаларына ескертіп олармен таныстыру үшін біраз уақыттарын бөлуі қажет болады. Ол Сізді және Сіздің балаларыңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан ауыр зардаптарға – балалардың қаза болуына және зардап шегуіне әкеліп соққан бірнеше қайғылы оқиғаларды мысалға келтірейік:
- 2001-2002 жылдары Павлодар облысында электр тогы соғу салдарынан бес бала қайтыс болды. Барлық жағдайлар балалар трансформатор подстанцияларының бөлмесіне кірген немесе электр тасы-малдағыштар желісінің тіреуіне шыққан кезде болған;
- 2014 жыл Баянауыл ауылы. 7 жастағы ұл бала достарымен тығылмақ ойнап жүріп, трансформа-тор дүңгіршегінің (КТП) төбесіне шығып, кернеуі 10 кВ токөткізгіш шинаны қолымен ұстаған. Нәтиже-сінде, бала денесінің 15%-н күйік шалып, сол қолы ампутацияланды;
- 2015 жыл, Маңғыстау облысының Бейнеу ауылы. 11 жастағы ұл бала ойнап жүріп, трансформа-тор қоршауының ішіне кірген. Ток өткізгіш элементтерге жанасқанда, оны ток соқты. Нәтижесінде, ба-ланың екі қолын бірдей ампутациялауға тура келген;
- 2018 жыл. Жаңаауыл а. 12 және 14 жастағы ұл балалар спорт алаңында ойнаған кезде қоршауға шығып электр желісіне тиді. Нәтижесінде балалар қайтыс болды.
Сондықтан, мыналарды істеуге үзілді-кесілді тыйым салынады:
* Трансформатор және ток бөлетін подстанцияларға өте жақын келуге және жанасуға, ішіне енуге және төбесіне шығуға болмайды;
* Электр тасымалдағыш кәбілдердің және әуе желілерінің жерде жатқан және үзілген жала-ңаш сымдарына жақындауға және ұстауға болмайды;
* Бойында электр тогы жүріп жатқан жалаңаш сымдарға жанасуға болмайды;
* Құралдарда немесе сымдарда электр тогының бар-жоғын білу үшін саусақпен тексеруге болмайды;
* Сым оқшаулағыштарға зиян келтірмеу және қысқа тұйықталуды (от шығу) болдырмау үшін оларды есікпен, терезе жақтауларымен қыстыруға, шегелерге бекітуге болмайды;
* Электр өткізгіштер жылу батареяларына, су құбырларына, телефон және радиотрансляция сымдарына жанаспауын бақылап отыру қажет;
* Балалардың розеткалардың жанында ойнауларына, оған шпилькалар мен түйреуіштер ты-ғуына, сымдарды ұстауына жол бермеу керек, өйткені бұл ток соғуына әкеліп соғады;
* Сулы қолмен электр лампочкаларын, тұрмыстық приборларды жағу немесе сөндіру қа-уіпті. Жанып кеткен лампочкаларды ажыратқышты сөндіріп қойып ауыстыру қажет;
* Корпустарының бойымен ток жүріп тұрған тұрмыстық электр құралдарды («тістейтін» прибор) пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Құралдарды қосқан және ажыратқан кезде штеп-сель айырын сымнан емес пластмасса колодкасынан ұстау қажет;
* Су қайнататын, ас пісіретін (электр шәйнектер, кәстрөлдер) приборларды желіге құрғақ-тай қосуға болмайды. Олардың кем дегенде үштен бір бөлігін сумен толтыру керек. Шәйнекке немесе кәстрөлге су құйғанда, олар міндетті түрде токтан ажыратулы болуы қажет;
* Сондай-ақ, приборлардан ажыратылған шнурлар да штепсельді розеткадан ажыратулы болуға тиісті, себебі, оған байқамай жанасқан кезде ток соғуы мүмкін;
* Кез келген тұрмыстық электр құралдарды бір қолмен, мүмкін болса, оң қолмен, және сол кезде су жүретін, газ және жылу құбырларына жанаспай қосу немесе ажырату қажет.
* Өрт шығуын болдырмау үшін, тұрмыстық электр приборларын арнайы тұғырларға (кера-микалық, металл, немесе асбестен жасалған) және жылдам жанатын заттардан (перде портьер, дастар-хан) қауіпсіз қашық жерге орнату қажет.
* Желіге қосулы электр құралдарын қараусыз қалдыруға немесе оларды бақылауды бала-ларға тапсыруға болмайды. Бұл өрт шығуына себеп болуы мүмкін. Осыны балаларыңызға түсіндіріңіз, оларға қарапайым Ережелерді ұқтыру үшін уақытты Бүгін табыңыз, өйткені Ертең кеш болуы мүмкін.
ҚР ЭМ Атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаменті.
Кафе для птиц
Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылының А.Н.Ёлгин атындағы
№1 жалпы орта білім беру мектебі» ММ
ГУ «Средняя общеобразовательная школа №1 им. А.Н.Ёлгина
с. Теренколь районаТереңкөл»
Информация по реализации областного проекта «ЭКОboom»
Акция «Кафе для птиц»
В рамках реализации областного проекта «ЭКОboom»,в конце ноября в СОШ №1 им. А.Н. Ёлгина была проведена акция «Кафе для птиц».
С 26 ноября по 7 декабря классными руководителями была проведена информационно-разъяснительная работа. Учащиеся совместно с родителями изготовили оригинальные кормушки. Кормушки размещены во дворе школы на деревьях. В каждом классе утвержден график дежурства, с целью постоянного пополнения кормушек кормом в течение трех зимних месяцев.
Рекомендуемый корм для птиц дети выбирали сами.
В акции приняли участие учащиеся 3-4 классов, в количестве 42 человек. Дети, изготовившие наиболее оригинальные кормушки отмечены грамотами и небольшими подарками.
«Күн көзі» мектеп жанындағы лагеріндегі жазғы демалыс
Балалар – біздің қазіргі таңымыз бен болашағымыз. Қуанышты және салауатты балалық шағының жағдайын жасау – мемлекетіміздің аса қорғаудың мәні. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Негізгі Заңында айтылған.
А.Н. Елгин атындағы Качир №1 ЖОББМжазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің демалыстарын, сауықтыруларын және қамтылуларын ұйымдастыру бойынша іс – шаралар жоспары бұдан ары құрастырылған. Ең алдында сынып жетекшілерімен ата – аналар жиналыстары, ата – аналармен кездесулер және әңгімелесулер өткізілді, мектептегі оқушыларымыздың демалыстары мен қамтылулары туралы алдын ала мәліметтерді жинастыруы жүргізілген.
1 маусым күні мектебіміздің оқушылары балалар қорғау Халықаралық күніне арналған дәстүрлі іс – шарасына белсенді қатысты – ән айтты, би биледі, асфальтта суреттер салды, спорт ойындарын ойнады, «Мысықтың үйі» атты музыкалық театрлық қойылымын көрді.
1 маусымнан бастап мектеп әкімшілігімен және мұғалімдерімен «Күн көзі»мектеп жанындағы жазғы алаңы ұйымдастырылған.
Бірінші маусымның барысында балалармен мұғалімдер жұмыс істеуде: лагерьдің бастығы – С.Р. Куликова, тәрбиешілер Н.Г. Купцова, Ю.И. Наумова, А.Қ. Садықова, Б.С. Ибраева, медқызметкері К.С.Кушнир, дене шынықтыру жетекшісі А.В. Медведев. Тәрбиешілердің белсенді көмекшілері ретінде оқушылар - аға тәлімгерлері болды: Анастасия Старостина, Валентина Голованова және Арина Махиненко, олар өз міндеттерін жауапты орындады – балалармен әндерді жаттады, жұмбақтарды шешті, суреттер мен викторина байқауларын өткізді, қозғалмалы ойындарды ойнады және сол сияқты тағы басқа қызықты нәрселерді жасады.
Лагерьдегі әр күн дәстүрлі түрде таңды жаттығудан басталады. Тынығу сағатынан кейін балалар үшін спорт ойындары, эстафеталар, «Шахмат» үйірмесі өткізіледі. Барлық балалар тәрбиешілерге шығармашылық жұмыстарының көрінісін рәсімдеуге көмектескен кезінде сүйсініспен өз еңбектерінің жемісін көргенде, қуанышқа бөленеді. Лагерьдегі бір де бір күн қызықты іс – шарасыз өтпейді, немесе байқау, немесе спорт жарыстары, аудандық кітапханаға бару. Әр күні балалар жаңаны, қызықты, ұмытпайтын нәрселерді күтеді.
Дәуірмен бірге адымдау, қазіргі заманның ұлдары мен қыздары барлығын жасай алады–компьютерде жұмыс істеу, музыкалық аспапта ойнау, бейнелерді қосу мен көру. Сол сияқты біздің лагерьде балаларды дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Балалар оларға арналған мульфильмдерді және фильмдерді көрді, айналадағыларды өз сүйікті мультипликациялық кейіпкерлерімен таныстырды, ән де айтты.
Балалар байқаулар мен жарыстарда жеткен жеңістері үшін грамоталар алғанда, тәрбиешілер оларды әр кішкентай болса да сәттіліктері үшін мадақтаған кезде көздерінде қанша қуаныш көрінгені шексіз! Біз деген балалар кіші жастан бері тек қана қуаныш және қызықты сәттерді, еңбектің белсенді және сүйіспеншілік істерін, дұрыс және сауатты демалысты көргендерін өте қалаймыз.
А.Н. Елгин атындағы Качир №1 ЖОББМ
«Күн көзі» мектеп жанындағы лагерінің
тәрбиеші – мұғалімдері
ДЕСТРУКТИВТІ ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтына, адам денсаулығына қатер төндіреді.
Олардың жақтастары:
- Қазақстанда тұратын барлық этностардың ұлттық құндылықтары мен салт-дәстүрлерін (Наурыз мейрамын тойлауды, қазақ халқының «бет ашар», «сәлем салу» салттарын, өмірден озған жандарға Құран бағыштауды және т.б.) жоққа шығарады;
- зайырлы мемлекеттерге және зайырлы өмір сүру салтына қарсылық танытады;
- мемлекеттік рәміздерді және мемлекеттік мерекелерді құрметтемейді;
- мазхабтарды (Орталық Азияда және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында орныққан діни мектептерді), оның ішінде Қазақстанның көпшілік мұсылмандары ұстанатын ханафи мазхабын жоққа шығарады;
- дәстүрлі исламды ұстанатын мұсылмандарды күпірлік жасайды да айыптайды, өзге діндердің өкілдері мен дінді ұстанбайтын адамдарға төзімсіздік танытады;
- заманауи мәдениет және өнер түрлеріне (музыка, балет, бейнелеу өнері және т.б.) өшпенділік танытады;
- заңда белгіленген міндеттерді (әскерде қызмет ету, міндетті орта білім алу және т.б.)орындаудан бас тартады;
- медициналық рәсімдердің кейбір түрлерінен (қан құю, вакцинация, ағза мүшелерін трансплантациялау және т.б.) бас тартады;
- білім мекемелеріндегі жекелеген пәндерге (биология, дене шынықтыру, ән-күй, сурет салу және т.б.) қатыспауға шақырады.
ҚР ДІАҚМ Дін істері комитеті